Жұмыс регламенті

“Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің
РЕГЛАМЕНТІ

 

1. Жалпы ережелер.

 

1. “Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” (бұдан әрі – мекеме) қалалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Мекеме Сәтбаев қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асырады.

3. Мекемені  қала әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

4. Мекеме туралы ережені, оның құрылымын және штаттық бірліктер қала әкімдігімен бекітіледі. Мекемені басқару схемасы осы Регламенттің №1 қосымшасында берілген.

5. Мекеменің  қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен, Мекеме туралы ережемен және осы Регламентпен реттеледі.

 

2. Мекеменің жұмысын жоспарлау.

 

6. Мекеме жұмысы жоспар негізінде жасалады. Бөлім басшысы жұмыс жоспарын құруды орындауды жалпы басшылыққа алады.

7. Мекеменің жұмыс жоспары әкім орынбасарымен бекітіледі.

8.  Мекеменің жұмыс жоспары келесі тараулар бойынша жасақталады:

1) Сәтбаев қаласы бойынша «Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау.

2) Құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысу.

3) Бөлімнің қызметін қамтамасыз етуде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді потенцциалды  жеткізушіні анықтау үшін мемлекеттік сатып алуды дайындау және жүргізу.

4) «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайын анықтау жөнінде анықтавма беру» Мемлекеттік қызметін жүргізу

5) Базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастырын жүргізу.

6) ЖТҚ жөнінде есептерді уақытылы беру, ЖТҚ қадағалауды жүргізу.

7) ОКБ құрылысын қадағалауды жүргізу.

8) Сәтбаев қаласы аумағындағы құрылыс Ережесін бекіту.

9) Тұрғындардың өтініштерімен жұмыс жүргізу.

10) Электронды құжат айналымын жүргізу.

11) Веб – Сайтты жаңалау.

12) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу.

13) Халықаралық  ИСО 9001 сериялы үлгісіне сәйкес, бөлімде сапалы жүйені жүргізу.

14) Қабылдау комиссиясымен, меншік иесімен салынған нысандарды пайдалануға беруге қабылдау туралы актілерді дайындау.

15) Нысандар бойынша қала әкімінің өкімдерін, әкімдіктін қаулыларын дайындау.

16) Бөлім басшысының бұйрықтарын дайындау.

17) Құқықтық оқытулар бойынша оқытуларды жүргізу хаттамаларын дайындау.

18) Мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім – шарттар жасау, шаблонға кіргізіп веп порталға енгізу.

 

3. Тапсырмаларды орындауды тексеру  

және бақылауды ұйымдастыру.

 

9. ҚР-ның 2000 жылғы 27 қарашадағы  №107 «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдары сонымен қатар нормативті-құқықтық актілер мен осы Регламентке сәйкес тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды бақылауды ұйымдастырады.

10.Бақылауға мыналар алынады:

1) Қазақстан Республикасының Президентінің актілері, Үкіметінің қаулысы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің өкімдері, шешімдері.

2) Облыс әкімінің қаулылары, шешімдері, өкімдері, облыс әкімінің  және оның орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмалары, жоғарғы органдардың құжаттары.

3) Қала әкімдігінің қаулылары, шешімдері, өкімдері, қала әкімінің тапсырмалары.

11. Орындауды тексеру және бақылауды ұйымдастыру бойынша  жауапкершілік мекеме басшысына жүктеледі.

Мекеме  басшысы нормативті-құқықтық актілердің және жоғарғы органдардың  басқа да құжаттарының мерзімінде орындалуын және   әкімнің,  жоғарғы органдардан келіп түсетін телехабарламалардың тапсырмаларын орындау барысын бақылауды жүзеге асырады.

12. Мерзімі көрсетілмеген құжаттар тәртіп бойынша бір ай мерзімінде  орындалады. Құжатта  басқа да орындау мерзімі  көрсетілмеген  жағдайда, орындау мерзімі бөлімге келіп түскен күннен бастап саналады. Тапсырмада  «шұғыл» грифі тақырыпта бар болған жағдайда  тез орындалуы тиіс.    

13. Бақылаудан алу негізі мен атқарылған жұмыс бойынша берілген ақпарат негізінде тапсырманы тікелей  берген қала әкімінің немесе әкімнің орынбасарының бұрыштамасы бойынша бақылаудағы құжатты мерзімін ұзарту және бақылаудан алу жүзеге асырылады.

14. Құжатта көрсетілген барлық сұрақтар толық шешімін тапқанда ғана  жоғары тұрған органды мәлімдегеннен кейін бақылаудан алады.

Премьер-Министр Кеңсесіне,  Президент әкiмшiлiгіне  бағытталатын есеп, ақпараттарда актiлер мен тапсырмаларды орындау туралы толық мәлiметтер болуы керек.

15. Іс қағаздарын жүргiзу  маманы мерзiмдерінің орындалуын қадағалап отырады және бөлімдегі атқарушылық тәртіп ахуалы туралы ақпаратты бөлiм басшысына дайындайды.

 

4. Қала әкімінің тапсырмаларын орындауды

ұйымдастыру бойынша бақылау.

 

16. Қызмет бабындағы құжаттар бойынша аппаратты кеңестердегі  қала

әкiмiнiң тапсырмаларын орындауды ұйымдастыруды бақылау бөлiм басшысына

жүктеледі.

17. Тапсырманың нақты орындау мерзімі анықталмаған жағдайда тапсырманы берген күннен бастап ұзақтығы 1 айдан  кем астам емес мерзім беріледі.

18. Бiрнеше орындаушыларға берілген тапсырманың орындалуы барысын осы орындаушылардың тiзiміндегі бiрiншi көрcетiлген лауазымды тұлға үйлестiредi.

19. Екiншi  және бұдан әрі көрсетілген  тiзiмдегі  лауазымды  тұлғалар тапсырманы орындау  бойынша ақпаратты  орындауды үйлестіретін лауазымды тұлғаға  бағыттайды.

20. Тапсырманың орындалуын  үйлестіретін лауазымды тұлға орындау туралы түсетiн ақпаратты жалпылайды және қала әкiмiне тиiстi шешiмнiң қабылдануы үшiн ұсыныс еңгiзедi.

21. Тапсырма орындаушы орындауы үшiн қосымша уақыттың қажеттiлiгiнiң жағдайында тапсырма қисынды себептердiң мазмұндамасымен орындауы мерзiмдi ұзарту туралы берген лауазымды адамға айналдырады.

  22. Тапсырмаларды орындауды қадағалау мына жолмен жасалады:

1) қажетті ақпаратты сұрату;

2) құжаттарды тексерудің бірнеше түрі;

3) сол жерге шығу арқылы тексеру;

4) қала әкімінің орынбасарлары деңгейінде орындалу туралы есептер мен ақпараттарды тыңдау және талқылау;

5) заңға қайшы келмейтін басқа да жолдармен.

  23. Қадағалау параметрлер бойынша жасалады:

1) орындаулар уақытылы,сапалы және толық болуы керек;

2) орындау кезінде заңдардың талабын қадағалау.

24. Тапсырмаларды орындау кезінде бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту, қосымша қадағалауды тағайындау қала әкімімен орындалады.

25. Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту, қосымша қадағалауды тағайындауға – қызметтік хат, баянжазба хаты, анықтама, ақпаратқа қала әкімі орынбасарының қолымен орнатылған түрдегі құжат негіз қызмет етеді.

  Бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту үшін құжат құжаттарды қамтамасыз ету және қадағалау бөліміне түседі және олар тіркегеннен кейін қала әкіміне беріледі.

 

5. Мемлекеттік мекеменің «arh_satpaevt@mail.ru»

ресми интернет-ресурсының жұмысын қамтамасыз ету.

 

26. Ресми интернет-ресурс «arh_satpaevt@mail.ru» (әрі қарай осы тарауда - интернет-ресурс) – мемлекеттік мекеменің Интернет желісіндегі электронды өкілетті парағы, ол арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен даярланған және электронды-санды формада Интернет жаһандық желісі арқылы бұқаралық ақпаратты таратуға арналған.

Бұл интернет-ресурс қызметі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.

27. Ақпаратты интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз ету және  материалдар ұсыну, оны техникалық алып жүру, интернет-ресурстың ақпараттық құрылымы, жариялану мерзімдері жауапкершілігі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.

28. Мемлекеттік мекеменің басшысы ақпараттық блок бойынша интернет-ресурсты толтыруға жауапты орындаушыны тағайындайды.

29. Жауапты орындаушы дизайн мен құрылымды өзгертуді, жаңа ақпаратты орналастырып, ескісін алып тастауды, мәліметтер базасын қолдауды, жаңа веб-парақтар әзірлеуді жүзеге асырады.

30. Жауапты орындаушы бөлім басшысына қажетті анықтамалық материалдарды, сол сияқты мемлекеттік мекеменің ресми интернет-ресурсында жариялауға жататын жаңа өзгерістер туралы мәліметтерді жедел жолдайды.

31. Интернет-ресурс үшін ақпараттық хабарларды жауапты орындаушы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды.

 

6. Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі.

 

  32. Мекемеде азаматтардың өтініштерін ұйымдастыру жұмысы іс қағаздары жұмысы міндетіне кіретін маман жауаты.

33.  Мекемеде азаматтардың өтініштерін ұйымдастыру жұмысы «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Жарлығы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес орындалады.

34. Мекемеге түскен азаматтардың өтінішін түскен күннен бастап тіркеледі. Ереже бойынша орындау туралы нұсқау бөлім басшысының бұрыштамасы түрінде беріледі.

35 Азаматтардың өтініштері қарастырылады және оларға тіркелген күннен бастап бір ай көлемінде шешім қабылданады, ал егер қосымша зерттеулер мен тексерулер қажет болмаған жағдайда 15 күннен кешікпейді. Қосымша тексеруді жүргізу қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылу мүмкін, бірақ бір айдан жоғары емес, өтініш берушіге хабарлайды.

36. Қойылған сұрақтар қаралса, оларға қажетті шара қолданылса және өтініш берушіге жауап қайтарылса азаматтардың өтініштері шешілді деп есептеледі. Егер сұрақтарды шешу ұзақ мерзімге ауыстырылса, онда өтініш ақырғы орындалғанға дейін қосымша қадағалауға қойылады.

37. Өтінішті қарау бірнеше бөлімге тапсырылған жағдайда, бұрыштамады бірінші көрсетілген бөлім үйлестіріп орындайды. Олармен тексерістің қорытындысы бойынша анықтама дайындалады және онда тексеріске қатысқан мамандардың қолы қойылады, сонымен қатар өтініш берушіге дәлелді жауап дайындалады.

38. Азаматтардың өтініші бойынша өндірісін тоқтату және ол істерді қадағалаудан алу шешімін қала әкімі немесе уақытша әкімнің міндетін атқару жүктелген әкімнің орынбасары қабылдайды.

39. Түскен өтінішті қадағалаудан алу бөлім-орындаушысы алдынғы тексерісте қосымша материалдырымен оны қаралған нәтижесі немесе өтініш берушіге толық жауап берілгені туралы орнатылған түрдегі құжат (қызметтік хат, анықтама) негіз болады.

40. Бекітілген кестеге сәйкес, бөлім басшысы апта сайын жеке азаматтарды қабылдау жүргізеді.

41. Келушілерді қабылдау есебі өтініш берушілердің қысқа мазмұндағы тегі, аты, әкісінің аты, жұмыс орны және лауазымы, үйінің мекен жайы, тапсырмасы және қаралған нәтижесі көрсетілген кәртішкесімен жүргізіледі.

42. Өтінішті және шағымдарды қабылдау кезінде жазба түрінде баяндалады  және олармен жазба түріндегі өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.

 

7. Бөлім қызметкерлеріне қызметтік куәліктерді

рәсімдеу, беру және жою тәртібі.

 

43. Бөлім басшысы лауазымына тағайындаған лауазымды тұлғаның қызметтік куәлігі (бұдан әрі осы тарауда – куәлік) ол орналасқан лауазымды растайтын ресми құжат болып табылады.

44. Бөлімнің кадрлармен жұмыс маманы (бұдан әрі осы тарауда – Бөлім) куәліктерді дайындауға тапсырыс береді.

45. Куәлік осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес сипаттамаға сай келуге тиіс.

46. Куәліктер бөлім басшысының қолымен – бөлімнің бас мамандарына беріледі.

Тиісінше ресімделусіз, дақ түскен және түзетілген куәліктерді беруге тыйым салынады.

47. Бөлім маманы атқаратын қызметінен босаған кезде үш жұмыс күні ішінде өз куәлігін кадрлармен жұмыс маманына береді.

Кадрлармен жұмыс маманымен еңбек кітапшасын қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін ғана береді.

48. Кадрлармен жұмыс маманынмен куәліктердің берілуін есепке алуды арнаулы ашылған кітаптарда жүргізеді.

49. Куәліктердің мұқабалары және есепке алу журналдары Бөлімнің сейфінде сақталады.

Куәліктерді ресімдеудің дұрыстығына жауапкершілік кадрлармен жұмыс маманына жүктеледі.

Бөлім қызметкерімен тапсырған куәліктер тиісті акті жасалып жойылуға жатады.

 

8. Мекеме мөрлерін және  штамптарын

пайдалану және сақтау тәртібі.

 

50. Шеңбері бойынша ««Сәтбаев қаласынің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген мәтіні бар шайырлы елтаңбалық мөрмен (диаметрі 40 мм) бөлім растайды:

1) бөлім жұмысының жоспарларын, бөлім ережесін, бағдарламаларын, бөлім іс-шараларын;

2) істер номенклатурасын;

3) жұмыстарды жүргізу, жеткізіп беру, мердігерлік, шаруашылық және басқа да келісімшарттарды;

4) қызметтік куәліктерді;

5) жалақы туралы анықтамаларды.

Кадрлармен жұмыс маманымен растайды:

1)  бөлім қызметкерлерінің еңбек кітапшаларындағы жазбаларды;

2) еңбек кітапшаларының, дипломдар мен білім туралы басқа да құжаттардың көшірмелерін;

3) жұмыс орнынан анықтамаларды;

4)  қызметшілермен еңбек келісімшарттарын;

5) жеке құрам бойынша бұйрықтардың, Тәртіптік, Аттестациялық, бөлімнің әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасу жөніндегі Конкурстық, лауазымдық жалақыларды төлеу үшін аппарат қызметкерлеріне еңбек өтілдерін белгілеу жөніндегі комиссиялар отырыстары хаттамаларының үзінділерін;

6) іссапар куәліктерін.

 

9. Штамптар.

 

51. Штамптарды іс қағазын жүргізетін маманмен бастырады:

1) «Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі/ Кipic № __ / 20_ ж «___» ______» деген мәтіні бар тікбұрышты штампты келіп түскен құжаттарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне;

2) «Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі/ Шығыс № __ / 20__ ж «___»_____» деген мәтіні бар тікбұрышты штампты шығыс құжаттарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап қайтарылғанда;

52. Өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бөлім басшысы лауазымдық міндеттеріне сәйкес тиісті мөрлермен және штамптармен жұмыс істеуге өз бөлімінің нақты қызметкерлеріне жол береді.

53. Елтаңбалы мөрлермен құжаттарды растаған кезде күлгін (көк) шайыр пайдаланылады.

Мөр таңбасы құжатқа қол қойған тұлға лауазымы атауының бір бөлігін және қолын қамтуға тиіс.  

Штамптарды қойған кезде күлгін (көк) шайыр пайдаланылады.

54. Елтаңбалық мөрлер сейфте сақталады. Столдарда, шкафтарда сақтауға, оған құқығы жоқ тұлғаларға сақтау үшін тапсыруға тыйым салынады.

Елтаңбалық мөрлер олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларға бөгде тұлғалардың өту мүмкіндігін болдырмайтын үй-жайларда тұруға тиіс.

Қалған штамптар олардың сақталуын қамтамасыз ететін және бақылаусыз пайдалануға бөгет жасайтын жағдайларда сақталады.

55. Мөрлер мен штамптар қолы қойылып тапсырылған қызметкерлер олардың сақталуына және тиісінше пайдаланылуына жауапкершілік алады. Жауапты қызметкерлер жұмыстан босатылған кезде мөрлер мен штамптар бөлім басшысына қайтарылып, жаңадан тағайындалған лауазымдық тұлғаларға қолдары қойылып тапсырылады.

56. Мөрлер мен штамптарды дайындау бөлім басшысының келісімімен жүзеге асырылады.

57. Мөрлер мен штамптардың сақталуын және пайдалану тәртібін бақылау бөлім басшысына, бухгалтерге, іс қағаздарын жүргізетін маманға жүктеледі.

58. Елтаңбалық мөр жоғалған жағдайда бөлім басшысы қызметтік тергеу және оларды іздеу бойынша толық шаралар қабылдау үшін комиссия құрады. Тергеу нәтижелері туралы қорытындыны бөлім басшысы бекітеді. 

Жоғалған елтаңбалық мөрге акт жасалады және есепке алу журналына тиісті белгілер енгізіледі. 

59. Мәтіндері ескірген немесе заттық жағынан ақаулары бар мөрлер, штамптар  акті бойынша жойылады, оны бөлім басшысы бекітеді.

 

10. Жұмыс уақыты және оны  бөлімде

пайдалану, демалыс уақыты.

 

60. Бөлім қызметкерлері үшін сенбі және жексенбі болып табылатын екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте күнделікті жұмыс ұзақтығы апталық норма 40 сағат кезінде бір күн 8 сағаттан аспауы керек.

Жұмыс күні сағат 9-да басталып, 18.30 сағатта аяқталады.

61. Күнделікті жұмыс ішінде бөлім қызметкерлеріне демалыс және тамақтану  үшін 13.00 сағаттан бастап 14.30 сағат аралығында ұзақтығы 1,5 сағат үзіліс беріледі.

62. Бөлімнің жұмыс уақытын есептеу осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес нысанда табельмен жүргізіледі. Жұмыс уақытын есептеу табелін бөлім қызметкерлерінің жұмыста уақытша болмауы туралы күнделікті ақпарат негізінде кадрлармен жұмыс маманымен толтырады және ағымдағы айдың 20-сы күні қарсаңында бухгалтерге тапсырады.

63. Жұмысқа демалыс және мерекелік күндері, сондай-ақ қалыпты уақытынан асыра тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен бөлім басшысының бастамасы бойынша жол беріледі. Мұндай келісім кезек күттірмейтін, алдын ала күтілмеген жұмысты орындау қажет болған жағдайда, оны тез орындауға бұдан әрі тұтастай бөлімнің қалыпты жұмысына байланысты болып тұрған кезде талап етілмейді.

Қызметкердің бастамасы бойынша демалыс және мерекелік күндері жұмыс істеуге бөлім басшысының рұқсаты негізінде жол беріледі.

Әрбір қызметкер үшін қалыпты уақыттан асатын жұмыстың ұзақтығы тәулігіне – екі сағаттан, айына – он екі сағаттан, жылына – жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. 

64. Бөлім қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру кезектілігі нысанда жасалған кестелермен белгіленеді.

Бөлім қызметкерлерінің кезекті жылға еңбек демалыстарының кестесін (бұдан әрі осы тарауда – кесте)  күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі бес күнтізбелік күннен кешіктірмей бөлім басшысы бекітеді.

65. Кестені жасау кезінде бөлімнің бейіні және қызметкерлердің пікірлері ескеріледі.

66. Бекітілген кестенің көшірмесін үш жұмыс күні ішінде бөлімнің еңбек демалыстары бойынша қажетті қаржы көлемдерін жоспарлау үшін бухгалтерге тапсырады.

67. Бекітілген кестенің түпнұсқасы Бөлімде сақталады.

68. Еңбек демалысын бөлім қызметкерлеріне осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш негізінде бөлім басшысымен береді.

 

11. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік іссапарларға

қызметтік мақсаттарда  жіберу, соның ішінде

қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдау.

 

69. Бөлім қызметкерлерін Қазақстан Республикасы шегінде қызметтік іссапарларға жіберу мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметшілерінің, Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережемен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

70. Бөлім қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру Президенттің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру Ережесімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

71. Бөлім қызметкерлерін қайта даярлауды және біліктілігін арттыру аппараттың ұйымдастыру және кадрмен жұмыс бөлімі үйлестіреді.

Қазақстан Республикасы шегінде біліктілігін арттыру жолдау бөлім басшысының тиісті бұйрығымен рәсімделеді.

12. Бөлімде тағылымдамадан және машықтан өту.

 

72. Бөлімде машық қаланың жоғары оқу орындарының студенттері (бұдан әрі осы тарауда - машықтанушылар) үшін ұйымдастырылады.

73. Бөлімде тағылымдамадан және машықтан өтудің негізгі мақсаты өтілмендердің Сәтбаев қаласы аумағында сәулет және қала құрылысы саласында машықтық тәжірибе, кейін тиісті мемлекеттік органдарда белгілі бір міндеттерді іске асыру кезінде оларды пайдалану үшін болып табылады.

74. Тағылымдама мен машық мерзімі бір ай шегінде тиісті кестемен белгіленеді.

75. Әрбір өтілмен мен машықтанушыға тағылымдама мен машықтың өтуі үшін жауапты нақты лауазымды тұлғаны (бұдан әрі осы тарауда – жауапты қызметкер) бекітеді.

76. Өтілмендер мен машықтанушылар пайдаланатын құжаттар мен  материалдардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. 

77. Өтілмендер мен машықтанушылар тиісті жауапты қызметкерлердің  ассистенттері ретінде бөлім басшысы белгілеген іс-шараларды жүзеге асырады, негізгі нормативтік құқықтық және бөлім құзыретіне енетін мәселелер бойынша құқықтық актілермен танысады.

78. Тағылымдама аяқталғаннан кейін бөлім басшысы өтілменге пікір дайындайды және машықтанушының машықтан өту күнделігіне қол қояды.

79. Бөлімде тағылымдама мен машықтың өтуін бақылауды олардың басшылары жүзеге асырады.

 

13. Бөлім қызметкерлерін ынталандыру.

 

80. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны (соның ішінде қызметкер қызметінің тиімділігін бағалау нәтиижелері бойынша), мінсіз мемлекетік қызметі, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін бөлім қызметкерлері көтермелене алады:

1) сыйақымен;

2) біржолғы ақшалай марапатпен;

3) алғыс жариялаумен;

4) бағалы сыйлықпен марапаттаумен;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған ынталандырудың өзге де түрлерімен.

81. Айрықша сіңірген еңбегі үшін бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік  наградаларымен марапаттала алады.

 

14. Бөлім жұмысының  Регламентін сақтау үшін жауапкершілік.

 

82. Осы Регламентті сақтамау үшін жауапкершілік ҚР заңнамасына сәйкес белгіленеді. 


закрыть
map
закрыть
map
закрыть
map
закрыть
map
закрыть
map
закрыть
map
закрыть
map